Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
«№2 ЖҚЕ» ШЖҚ МКК «№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тіркеу бөлімі: 8 (72934) 71-5-76 

Басшының қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 72-1-89 

Call-орталық: 8 (72934) 92-3-75 

Қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 92-9-12

«Госпитализация бюросы» порталы: 8 (72934) 93-3-09


МӘМС - міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру

09.12.2021

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылғаны белгілі. Жүйе бойынша мемлекеттік жеңілдікке ие азаматтардан бөлек әрбір азамат МӘМС-ке жарна төлеуі міндетті. Яғни айлығыңыздың белгілі бір мөлшерін мемлекетке өзіңізді медициналық сақтандыру үшін төлейсіз. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың медициналық қызметтерді тең алуына мүмкіндік береді.

Бүгінге дейін тұрғындар«МӘМС»немесе «ОСМС» деген ұғымдарды көп естігенімен, оның не екенін жете білетіндер аз. «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәні не, ол өзі тиімді ме, оны қалай пайдалануға болады?», «Не үшін МӘМС-ке өтуім керек?», «Бұл жүйеге тіркелмесем емхана не аурухана қабылдай ма?» - деген сұрақтар көпшілікті толғандырады.

Айта кетейік, МӘМС – бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Бұл арқылы азаматтар оған дейін ақылы болған бірқатар медицина көмегін тегін ала алады. Мысалы, кардиолог, эндокринолог, невропатолог, гинекологсияқты тар бейінді мамандар қарауына жазыла алады; дәрумен мөлшерін, қатерлі ісік жасушалары бар-жоғын анықтайтын анализ тапсырып, ПТР, КТ және МРТ тексерістерінен өте алады.

ҚР Конституциясына сай әр азамат тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін (ТМККК) пайдалануға құқылы. Бірақ іс жүзінде ТМККК азаматтардың барлық қажетін өтей алмайды. Олар үнемі тексеріс пен еміне қосымша қаражат төлеуге мәжбүр болатын. Жаңа жүйе іске қосылғалы жағдай өзгерді.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі барлық азаматтарға жұмыс істеуі үшін, үш негізгі шартты білу қажетжүйелілік, уақыттылық пен міндеттілік. Әсіресе, бұл жалдамалы қызметкерлер үшін маңызды.

Тағы бір айта кетерлік мәселе – бұл халық арасындағы «МӘМС – салықтың бір түрі» деген жансақ әңгімелер шындыққа жанаспайды. ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңының 484-бабына сәйкес МӘМС салық объектісіне жатпайды. МӘМС – ай сайынғы айлықтан алынатын жарна, ол салық түріне жатпайды. Себебі МӘМС-ті мемлекеттік жеңілдікке ие болған азаматтар төлемейді, олар үшін мемлекет төлейді. Ал осы санатқа жатпайтын азаматтар ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сәйкес МӘМС-ке жарна төлеуі міндетті. Әрбір адам жарна төлеу арқылы мемлекеттің азаматтарға арналған кеңейтілген медициналық мүмкіндіктерін ала алады.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау кодексінің 196-бабына сәйкес мемлекет тарапынан әрбір азаматқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қарастырылған. 

Заңға сәйкес азаматтар ТМККК бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмекті ала алады. Сонымен қатар әрбір азамат ТМККК шеңберінде әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу үшін мемлекеттк емхананың көмегіне МӘМС-сіз жүгіне алады.

Ж.И.Бисембаева

№2 ЖҚЕ директорының

аудит бойынша орынбасары


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте