Құтырма ауруы
Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адамбаласына өте ертезаманнантаныс болғанымен, әлі күнге дейінаурудытудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететінемі жоқ.
Дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам көз жұмады. Құ-тырма ауруымен ауырған 55 мың адамның 99% жұқтыру көздері иттер.
Соңғы 3 жылдаелімізде 13 адам құтырмамен ауырып қайтыс болды, оның ішінде Астана қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 1 (7,7%) адам-нан қайтыс болса, Түркістан облысында – 3 (23,1%), Шымкент қаласында – 6 (46,1%) адам қайтыс болды.
Құтырма ауруымен ауырған 13 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі бала - 4(30,8%).біргерұқсат етіледі
Ауру әдетте малдың сілекейі арқылы тістегенкезде жұғады. Бұл тұрғыдан алғанда, әсіресе қасқырдың тістеуі өте қауіпті. Сондай-аіқ вирус мал денесінеауызбен көздің кілегейлі қабықтары, сәл ғана зақымданған тері арқылы енуі мүмікін. Тышқан мен түлкі құтырып өлген малдың өлексесін жеген сәтте ауруға шалдығады. Ауруға шалдыққан мал ауру белгілерібілінуіне 8 -10 сағат қалғанда сілекеймен, кейде сүтімен бірге сыртқа вирус шығарып тұрады.
Мал денесінеенісіменқұтыру вирусы нерв тканінжайлапалады да, оны зақымдайды. Одан әрі нерв талшықтарын бойлайжылжиотырып, вирус орталық нерв жүйесіне, айталық миға барып, жетеді де, мұнда көбейіп, нервтер арқылы барлық органдар мен тканьдерге, сілекейбездерінетарайды.
Ауру белгілері. Астыртын кезең әдетте 3 апта, кейде 3 айға созылады. Өте сиреккездесетін жағдайда бұл кезең 3 күнге, тіпті 3 жылға созылуы мүмкін. Әрине мұны лабораториялық жолмен байқауға болады. Құтыру ірі қарада елірме және паралич түрінде өтеді. Еліріп құтыру орта есеппенжалпы құтырудың 15-30 процентіне тең. Ауру мал бастапқы кездееліріп, алға қарай ұмтылады, кезкелген нәрсені, мәселен, шөмеледегі шөпті, мүйізімен іліп, алып жан-жағына шашады, қорадағы қоршауларды мүйіздеп бұзады, маңайына жолаған ит пен мысыққа тап береді, оларды сүзеді. Әлсін-әлсін басын шалқайтып бар дауысымен қатты өкіреді. Өкірген сәтте мал кенеттенжалпетіп құлап, аяқтарын тырбаңдатады, кенеттен бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Аузынансілекей шұбырып, ауру мал терлейді, әлсін-әлсін зәр шығарады, осы уақытта оның жыныстық шабытыартады. Сиырдан сүт шықпай қалады, бірақ олаздапжемжеп, су ішеді. Кейде оның көпке дейін тәбеті қашпайды. Кейдемал аурудың алғашқы сатысында-ақ жемнен бас тартып, су ішпей қояды.
Алдын алу.
Құтыруды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз);
Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз.
Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.
Емі.Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.