ИНСУЛЬТ
Инсульт – мидағы қан айналу қызметінің бұзылуынан болады. Инсульт мугедектікке әкеліп соқтыратын аурулар ішінде 1-ші орында тұр. Инсульт алған адамдардың 80%-ке жуығы мүгедектікке ұшыраса, 25%-ке жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді. Инсульт 2-ге бөлінеді, геморагиялық және ишемиялық инсульт болып бөлінеді. Геморагиялық инсультта бас миға қан құйылады. Көбінесе бас миға қан құйылып, қан тамырларының жарылып кетуінен соң пайда болады. Қан тамырлары, қан қысымы қатты көтеріліп кеткен жағдайда жарылып кетеді, нәтижесінде мидың бір бөлігіне жарылған қан тамырынан қан кетіп, адамды бірден өлімге алып келеді. Инсульттің ең қауіпті түрі геморрагиялық инсульт болып табылады. Инсульттің 2-ші түрі ишемиялық инсульт болып табылады. ишемиялық инсультта адамның миына қан жеткіліксіз мөлшерде барады, соның нәтижесінде бас миына қан жетпей, бас миының инфаркті пайда болады.
Бұндай жағдай көбінесе, атересклероз ауырунан соң пайда болады. Атересклероз ауруы қай жерде пайда болса, сол жерде ауру пайда болады. Мысалы, жүректе пайда болса, жүректің қан тамырлары бітеліп, жүректе инфаркт-миокард, кардиосклероз ауруы пайда болады, мидағы қан тамырлары бітелсе, мидағадағы қан айналу қызметі бұзылып, жеткілікті мөлшерде қан жетпей, инсульт ауруын тудырады. Жыл сайын Қазақстанда 40000-нан аса адам инсульт алады. 5000-нан аса адам 10-күн ішінде қаза табады. Инсульт ауруымен ауыратын әрбір адам, күтім бойынша біреудің көмегін қажет етеді. Әрбір 5-ші пациент өздігінен жүре алмайды, инсульттан кейін тірі қалған бес пациенттің бірі, денсаулығын қалпына келтіріп, қалыпты өмірге оралады.
Инсульт ауруының пайда болуына келесі факторлар әсер етеді:
1.Жоғары артериялық қан қысымы.
2.Темекі-арақты пайдалану.
3.Қан құрамындағы холестериннің көп болуы.
4.Қимыл-қозғалыстың аздығы.
5.Дене салмағының артуы.
5.Жүректің ауруы.
6. Тұқым қуалаушылық.
Инсульттің алдын алу:
1.Қан қысымын анықтап отыру керек.
2.Қан құрамындағы холестерин мен глюкозаны анықтау керек.
3.Темекі-арақты тоқтату.
4.Тұзы көп, тоң май, қанты көп, майлы тамақтарды тоқтату керек.
5. Таза ауада көп серуендеп, спортпен шұғылдану керек.
6.Тамақ режімін дұрыс жолға қою керек.
Инсульт ауруының белгілері:
Бас қатты ауырады, жүрек айнып құсады, бас ауру күшейіп, қимыл-қозғалыс қиындайды, беттің бір жақ бөлігі қисайып кетеді, бір жақ қол-аяқ әлсіз болады. Тіл күрмеліп, сөйлеу қабілеті бұзылады, сезу және есту қабілеті де бұзылады.
Жантілеуова Анар
№2 ЖҚЕ қызметкері