Балаларда анемияның пайда болу себептері
«Анемия», қазақша «қаназдық» дегенді білдіреді. Кейде адамның қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобин және эритроциттердің аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді.
Өкінішке орай, мұндай мәселе мектепке дейінгі балалардың 50% кездеседі екен. Ұзақ уақыт бойы емделгеннен кейін балалардың жартысы аурудан айығып, 1 сыныпқа баратын балаларда бұл диагноз шамамен 15% сақталады.
Дәрігерлер оларды жас ерекшелігіне қарай бөліп, бұл қауіпті аурудың пайда болуының бірнеше себептерін көрсетеді.
Анемия себептері |
Баланың жасы |
|||
Сәбилік кезең |
Мектепке дейінгі жас |
Мектеп жасындағы кіші бала |
Мектеп жасындағы ересек бала |
|
Жүктілік кезіндегі мәселелер (қан тоқтамау, түсік тастау қаупі және т.б.) |
+ |
+ |
- |
- |
Анада анемияның болуы |
+ |
+ |
+ |
+ |
Шала туылу |
+ |
+ |
+ |
+ |
Егіздерге жүкті болу |
+ |
- |
- |
- |
Теңгерімсіз тамақтану |
+ |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
+ |
|
Инфекциялық аурулар (пиелонефрит, туберкулез) |
+ |
+ |
+ |
+ |
Ішек құрт аурулары |
+ |
+ |
+ |
+ |
Анемия туралы сөз қозғалғанда, кез келген жастағы балалар автоматты түрде бірден қауіп тобына кіреді. Бұл аурудың өте кең көлемде таралғанына және бұл тақырыпта ақпараттың көптігіне қарамастан, ата-аналар бұл мәселені онша түсіне бермейді. Балаларда бұл аурудың неше түрі болатынын білмейтіндіктен, әкелері мен аналары темір тапшылығынан болатын анемия туралы ғана айтады. Педиатрлар оларды төмендегідей топтастырады:
- темір тапшылықты (бала қанындағы темірдеңгейінің күрт төмендеуі);
- фолий тапшылықты (талдау жасалғаннан кейін фолий қышқылының жетіспеушілігі анықталады);
- пернициоздық анемия (цианокобаламин – зат алмасу әрекеттеріне қатысатын зат тапшылығы арқылы білінеді);
- гемолиздік анемия (бұндай мәселемен кездесетін балалардың эритроциттері сақталмайды, өзінің негізгі қызметін орындамай, құрамдас бөліктерге бөлініп кетеді);
- гипоплазиялық (аурудың бұл түрі ең ауыры болып саналады, себебі ол бас миының патологиясымен байланысты).
Көбінесе балаларда темір тапшылықты анемия байқалады. Диагноз қою мен терапия сызбасын тек дәрігер жасай алады, бірақ кез келген ата-ана анемия белгілерін білулері керек. Белгілері байқала салысымен, педиатрға жүгіну қажет.
Балалар анемиясының белгілері
Кез келген ана баласының денсаулығы болмай тұрғанын бірден сезеді. Ал анемия белгілерін ата-аналар жиі байқамай қалады, себебі аурудың жасырын сатысын «көзбен көріп» анықтау мүмкін емес.
Төмендегідей жағдайлар орын алса, бұл қандағы темір тапшылығын білдіретін себептер болуы мүмкін:
- Тері қабаттарының бозғылдығы
- Әлсіздік және ашушаңдық
- Иммундық жүйе жұмысындағы ауытқулар
- Асқорыту жүйесі жұмысының бұзылуы
- Гипотония
Балалар анемиясының диагностикасы
Егер ауруды асқындырып алмасаңыз, балалар қанындағы темір тапшылығы мәселесін жылдам шешуге болады. Диагноз уақытында және дұрыс қойылса, анемияны емдеу жеңіл өтеді. Тек белгілері ғана оны нақтылап немесе жоққа шығара алмайды. Сол себептен ауру диагностикасы қажет болады, ол үшін:
- педиатрға бару;
- гематологқа көріну;
- талдау жасауға жолдама алу керек болады.
Анемияға күдіктенетін болсаңыз, дәрігер екі қан талдауын тағайындайды:
- жалпы (ол бойынша гемоглобин мен эритроциттер деңгейі, сонымен қатар түсті көрсеткіштер бақыланады);
- биохимия (педиатр немесе гематолог ферритин, сарысулық темір мен эритропоэтин мөлшерін тексереді).
Жағдай қиын болса, тағы бір сараптама – нәжіс сараптамасын өткізу керек болады. Оның нәтижесінен дәрігер эритроциттер қоспасын бақылайды. Алынған сараптамалар нәтижесіне қарай дәрігер ем жүргізеді.
Ата-аналарға кеңес
Ауырып ем іздегенше, әрине ауырмайтын жол іздеген абзал. Себебі бұл аурумен ауырсаңыз, денсаулыққа байланысты көптеген мәселелер туындайтыны рас. Олар:
- баспа, ЖРВИ, бронхит, өкпенің қабынуы;
- тәбеттің төмендеуі;
- іш қатуы;
- асқорытудың бұзылуы;
- салмақты аз жинау;
- жиі терлеу;
- ашушаңдық;
- ұйқының бұзылуы және қайта-қайта ояну.
Бисембаева Джамиля,
№2 ЖҚЕ директорының
орынбсары