Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
«№2 ЖҚЕ» ШЖҚ МКК «№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тіркеу бөлімі: 8 (72934) 71-5-76 

Басшының қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 72-1-89 

Call-орталық: 8 (72934) 92-3-75 

Қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 92-9-12

«Госпитализация бюросы» порталы: 8 (72934) 93-3-09


Фастфуд туралы не білеміз?

30.04.2020

Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік. «Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы және жылдам болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар. Елімізде үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеу  жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін. Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді. Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі. Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі. Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен.

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте