Салауатты өмір салты
Бүгінгі таңда салауатты өмір салтының пайдасы туралы көп сөз қозғалады. Алайда айналамызды ГМӨ, стресс пен ұйқының жетіспеушілігі өмірімізге әбден еніп алған заманда біздің қолымыздан не келеді? Бүгінде түрлі гаджеттер мен басқа да «ғажайыптардың» дамып кеткен заманында нағыз ғажайып болып мықты денсаулық табылады. Мықты денсаулық – мықты ұстамдылық пен еңбекті талап етеді.
Егер Сіз өз-өзіңізді нашар сезініп, көңіл-күйіңіз әрдайым түсіп, еңсеңізді көтере алмай жүрсеңіз, онда өміріңізге келесі 5 жаңа әдетті қосатын уақыт келді:
1. Пайдаланатын азық-түлігіңіздің құрамына мән беріңіз.
#дұрыстамақтану – аса маңызды. Біз тамақтан өз-өзімізді жақсы сезінуге мүмкіндік беретін дәрумендер мен минералдар аламыз. Ал бұрыс тамақтану, бастысы – әртүрлі дәмдеуіш қоспалар денсаулықты нашарлатып #депрессияға алып келеді. Азық-түлік аларда тағамның жабсырмасын оқуды әдетке айналдырыңыз. Түрлі «натрийлер» мен «глутоматтар»дан аулақ болыңыз.
2. Жүрек жалғау да дұрыс болуы керек. Аштықты сезіну – бұл қалыпты. Ал оны басу – одан да қалыпты. Негізгі тамақтану күніне 3 рет болуы керек. Бірақ осы уақыт аралығында қатты қарныңыз ашып бара жатса, жүрек жалғап алыңыз. БІРАҚ кәмпит, шоколад немесе печеньемен емес, көкөніс, жеміс немесе кептірілген жемістермен. Есіңізде болсын, бір кәмпит жегенше он алма жеңіз.
3. Күннің көзін көрген бетте далаға шығыңыз. 20 минутқа болса да серуендеп келуге ерінбеңіз. Бұл Д дәруменінің Сізге қажетті мөлшерімен қамтамасыз етеді.Сәйкесінше, көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сізге жолдас болады.
4. Алкогольден бас тартыңыз. Осыдан 10-20 жыл бұл сөзге көп мән берілмейтін. Тойлар мен мерекелер «алкогольді өзенсіз» болмайтын. Ал кімде кім арақ-шараптан бас тартса, оны басқалары жақтырмай, ары ысыратын. Бірақ уақыт өзгерді. Адамдар ішпейтін кісілерге сынмен қарамайтын болды. Сіз ішімдіктен бас тартқандардан болыңыз! Онсыз да кермет көңіл көтеруге болады. Алкогольден бас тарту – теріңіздің реңін келтіреді, жалпы өз-өзіңізді сезінуді жақсартады, асқорытуды қалыптандырады және артық салмақтан да арылтары сөзсіз!
5. Спорт – денсаулық кепілі. Ия, бұл сөз де әбден жатталып қалған нәрсе екені рас. Алайда, осыған тереңірек мән берсек қалай болар екен? Спорт дегенде көз алдымызға күнделікті қиын жаттығулар, терлеп-тепшіп жүгіру, зілтемір, арена т.с.с. қиын нәрселер елестейді. Бірақ үлкен асулар кіші қадамдар жасаудан басталады емес пе?! Күніне таңғы мезгілде 5 минут өз денеңізге уақыт бөліңіз. 5 минут қана жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз. Қанша уақытыңыз жоқ болса да, шаршасаңыз да. Кейін 5 минутты 10 минутқа арттырыңыз. Әбден әдетке айналған бұл жаттығулар Сіздің денсаулығыңыздың кепілі болғанына өзіңіздің-ақ көзіңіз жетеді.
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!