Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1.Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу).
2.Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер).
3.Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты.
4.Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау.
5.Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық нормаға сай болуы керек. Балалар мен жасөспірімдер және ересек адамдар дұрыс тамақтану арқылы олардың денсаулығы нығайып, дене және ой қабілетінің дамуына мумкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгерімін арттырады. Егер тамақтану дұрыс болмаса, тиімсіз яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне, әртурлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде журуі қажет: 1.Таңертеңгілік ас 7.30-8.00 – 25% болуы қажет. 2.Таңертеңгілік ас 11.00-11.30 – 10% болуы қажет. 3.Түскі ас 14.00-14.30 – 35% . 4.Түстен кейінгі ас 16.30-17.00 – 10%. 5.Кешкі ас 19.00-20.00 – 20%. Күнделікті ішіп-жейтін тамақтар жоғарыда көрсетілген 5 кезеңге бөлінеді. Тамақтар барынша құнарлы, витаминге бай, және сапа стандартына сай болуы қажет. Табиғи витаминге бай тағамдармен тамақтану сіздің денсаулығыңыздың мықты болуына ықпал етеді. Күнделікті ішкен тамақтар арқылы адамның көңіл-күйі, денсаулығы өзгеріп отырады. Құнарлы тамақтар мидың жұмыс жасау қабілетін, журектің жумыс жасау қабілетін жақсартып, адамның жумыс жасауға деген қулшынысын, ой-өрісін, ақыл-парасатын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, сана-сезімін, қозғалыс қызметін жақсартып, дене бітімімен, адамның бет жүзінің қартаймай жақсы қалыптасуына алып келеді. Сонымен қатар адамның куш-қуаты артып, жүргенде, биіктікке көтерілгенде шаршамай, әлсіремей өмір суруіне үлкен әсер етеді. Организмде пайда болатын әртүрлі аурудың алдын алуға себеп болады. Қазіргі өркениетті дамыған заманда бул нәрселерді дурыс жолға қойыу өте қажет. Адамның куш-қуатының артып, сана-сезімінің, ақыл-ой парасытының биік болуы, білімінің артуы, және жан-жақты болып қалыптасуы, руханый адами қасиетінің пайда болуына, оны қалыптастыруға адамның өзі себеп болады. Зиянды әдеттермен, тағамдарды шектеп, мысалы темекі-арақ, майоенез, уксус, майы шылқыған тамақтарды, тоң майды , яғни малдың майын жеуді , тұзы көп тамақтарды шектеу қажет. Тоң май тамырлардың бітеліп, қан айналу қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.Қай жердегі қан тамырлары бітелсе, сол жерде ауру пайда болады.Бул бірнеше ауруды туындатып, оның асқынған формасы «Инсульт» ауруына әкеліп соқтырады. Бундай аурумен ауырған адам мугедек болады. Әртурлі зиянды тамақтарды ішумен бірге, химиялық , сапасы нашар дәрілерді узақ уақыт ішу арқылы, адам өзін кун сайын біртіндеп өлтіріп жатырғанын сезбейді. Ғалымдар тарапынан зерттеу жасағанда, адамның ерте қартаюына, қайтыс болуына өзінің ауруы емес, яғни оның ұзақ жылдар бойы ішкен химикат дәрі-дәрмектері екендігі анықталып отыр. Организмге зиянды тағамдармен химикат дәрілер, өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның климаты, жумыс орындарындағы химиялық-радиациялық факторлар адам денсаулығына улкен әсер етеді. Манғыстау облысы, Жана-өзен қаласы осы аймақтарға жатады. Сондықтан қаланың тұрғындарына қолайлы өмір суруі үшін, көптеген жеміс ағаштарын, гүлдер, көк шалғынды егу керек. Құнарсыз тамақтарды ішу арқылы, адамның ой-санасы, ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті, қулшынысы, күш-жігері төмен болады, адам әлсіз, мінез-қулқы да өзгеріп отырады. Организмге тамақтар арқылы тусетін көптеген витаминдер қажет. Бірғана иод элементінің немесе «С» витаминінің жетіспеуінен бірнеше ауру туындайды. Тамақ режімін сақтай отырып, оның адам өмірінде өте маңызды екенін умытпаңыз, ағайын.
№ 2 ЖҚЕ Денсаулық мектебінің қызметкері, Жантілеуова Анар