Қызылша
Еліміз бойынша 1148 адам қызылша ауруына шалдықты.
Қызылша туралы не білеміз?
Қызылша – кең таралған жұқпалы ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Белгілері: қызу көтерілу, мұрын, көз және тамақтың шырышты қабығы қабынып, денеде бөртпелер пайда болады.
Аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт – ауру бөртпе шығудан басталмайды. Ауру суық тиген сияқты дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, конъюктивит пайда болуы, мұрынның бітуімен ерекшелінеді. 24 күннен кейін азу тістің қарсысында ұсақ ақ дақтар пайда болады. 3-5-ші күні алдымен құлақтың артына, маңдайға, бет, мойын, дене және аяқ-қолға ашық түсті дақтар таралады. Кішкентай қызыл дақтар үлкейеді. Бөртпе шыққан соң 2-3 күннен кейін дене қызуы 40,5°С-қа қайта көтерілуі мүмкін.
Қабынулар
Бес жасқа дейінгі балаларда және 20 жастан асқандар арасында қабыну болады. Ол қабыну отит, соқырлық, пневмания, ларингит, энцефалит ауруларына апаруы мүмкін. Сондықтан қызылшаның белгілерін байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі – екпе алу. Ең алғашқы екпе балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егілген балалардың 15 жасқа дейін қызылшамен ауыруы сирек кездеседі.