Қызылша туралы не білеміз?
Қызылша – кең таралған жұқпалы ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Белгілері: қызу көтерілу, мұрын, көз және тамақтың шырышты қабығы қабынып, денеде бөртпелер пайда болады.
Аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт – ауру бөртпе шығудан басталмайды. Ауру суық тиген сияқты дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, конъюктивит пайда болуы, мұрынның бітуімен ерекшелінеді. 24 күннен кейін азу тістің қарсысында ұсақ ақ дақтар пайда болады. 3-5-ші күні алдымен құлақтың артына, маңдайға, бет, мойын, дене және аяқ-қолға ашық түсті дақтар таралады. Кішкентай қызыл дақтар үлкейеді. Бөртпе шыққан соң 2-3 күннен кейін дене қызуы 40,5°С-қа қайта көтерілуі мүмкін.
Қызылшаның белгілерін байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі – екпе алу. Ең алғашқы екпе балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егілген балалардың 15 жасқа дейін қызылшамен ауыруы сирек кездеседі. Балаларға ҚҚП екпесінің 2 мөлшері қажет
Бірінші рет – туылғаннан кейін 12-15 айында. Екінші рет – 6-7 жаста мектепке барар алдында жасалынады. ҚҚП вакцинасы кейбір ересектер үшін де қажет: 25 жасқа дейінгі ересектер бұдан бұрын алған екпелері туралы мәліметтері болмаған жағдайда ҚҚП вакцинасының, ең болмаса, бір мөлшерін алу қажет.