Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ГКП на ПХВ «ЖГП №2» Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Жанаозенская городская поликлиника № 2»

Регистратура: 8 (72934) 71-5-76

Приемная руководителя: 8 (72934) 72-1-89

Call-центр: 8 (72934) 92-3-75

Приемный покой: 8 (72934) 92-9-12

Портал «Бюро госпитализации»: 8 (72934) 93-3-09


Жүктілікті жоспарлау

09.12.2020

Бүгінгі таңда елімізде ана мен бала денсаулығы алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі. Сонымен қатар сау баланы дүниеге әкелу мен жоспарсыз жүктілік салдарынан болатын жасанды түсік те қалыс қалмақ емес. Дәрігерлер қауымы қолдан келгенше халық игілігім үшін барын жасауда. Соның бірі – Жаңаөзен қалалық №2 емхананың әйелдер кеңесі бөлімі. Осында қызмет жасап, болашақ ана мен бала денсаулығына қарайласатын, кеңес беретін участкелік акушер-гинеколог Есенғалиева Ақжарқын Өтемісқызы жүктілікті жоспарлау жөнінде айтып берді.

Жүктілікті жоспарлау – бұл болашақ аналыққа  дайындалудың ең маңызды кезеңі. Сондықтан оған мұқият дайындалу керек. Сол дайындық екі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, болашақ жүктіліктің жоспарлауына ағзаның дайындалуы маңызды, екіншіден, аналыққа психологиялық дайындық керек. Жоспарлы жүктіліктен жарты жыл бұрын керекті анализдерді, маңызды тексерулерді өту қажет, сонымен қатар сіздің өміріңіздің тәртібін қайта құрған дұрыс. Алғашқысында әйелдер консультациясына немесе отбасын жоспарлау бойынша мамандарға жолығуыңыз тиіс, сонда сізге керекті тексерулерді тағайындайды. Осы тексерулерге генетикалық үйлесімділікке, гепатитке және басқа да ауруларға тапсыру керек. Сонымен қатар, жыныстық жұқпалы ауруларға тапсыру қажет. Егер қандай да ауру анықталса, содан керекті ем алу қажет, негізінен әр жұқпалы ауру іштегі нәрестеге қауіпті. Міндетті түрде терапевт, тіс дәрігері, көз дәрігерінен және басқа мамандардың кеңесінен өту керек. Ішперде қуысы және кіші жамбас УДЗ  (УЗИ)  өткен абзал. Керекті медициналық тексерулер және анализдерден  басқа, болашақ ананың жалпы ағза жағдайына қамқорлық аса керек. Ол үшін ашық ауада болып, ұзақ демалуға тырысыңыз. Компьютер алдында отыруды қысқартыңыз, көп қимылдаңыз. Жүктілік басталуына дейін белсенді спорт түрлерінен бас тартуыңыз қажет емес. Күн тәртібін міндеті түрде сақтаңыз. Ұйқы міндетті түрде 8 сағаттан аз емес болу керек. Дұрыс тамақтану қажет. Жүкті әйелдерге және емізетін аналар үшін витамин комплекстерін қабылдау қажет. Сол комплекстерде керекті витаминдер және минералдар алынған. Оның құрамындағы йод және фоли қышқылына айрықша көңіл бөлінген. Барлық зиянды әдеттерден бас тартыңыз, біріншіден – шылым шегуден және алкоголь қабылдаудан. Психологиялық дайындық туралы да айта кетсек, әйелдерде жүктілік уақытында әр түрлі қорқыныш, көңіл-күйдің бұзылуы сияқты өзгерістер болуы мүмкін. Жолдасы осындай жағдайда дайын болу керек, әйелдің бейәдет қылықтарын дұрыс қабылдауы қажет.

Есте сақтаңыз, дұрыс жүктіліктің жоспарлануы сау баланы тууға көмектеседі. Өкінішке орай көптеген әйелдер осы туралы ойланбайды, нәтижесінде шала туған, ауру балалар, мүгедек балалар, нәрестелер және балалар өлім-жітімділігі болып шығады. Сау бала тек қана сау әйелден туады, сондықтан болашақ туралы ойланған абзал.

Ерте жүктілік зардптарына келсек, біріншіден, ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Ерте жүктіліктың қауіптілігіне келер болсақ, жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу да пайдалы. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. 5-11 сынып аралығындағы қыздармен жыныстық қатынас, етеккір, уақытынан бұрын бала көтеріп қалу проблемалары, одан сақтану жолдары, жыныстық жолмен берілетін вирустық аурулар жайында ашық әңгімелесеміз. Осы іспеттес мәселемен бетпе-бет келген жасөспірім кімге қайда жолығуы тиіс екенін де ескертеміз. Ананың психологиялық көңіл-күйі (ұрыс керіс, қуаныш т.б.) қан арқылы балаға өтіп тікелей әсер етеді. Егер ана ренжісе немесе бір нәрседен қорықса, ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынша балада да сондай көңіл-күй пайда болады. Аяғы ауыр әйел баспалдақтан шыққанда, темекі тартқанда іштегі сәбидің жүрек соғысы жиілей түседі. Ал анасы шаршағанда Контрацепция дегеніміз жоспарланбаған жүктілікті болдырмау. Яғни жоспарда жоқ не қалаусыз болатын жүктіліктің алдын алу үшін, сонымен бірге жасанды түсік санын азайту үшін қолданылады. Себебі жасанды түсік әйелдің денсаулығына нұқсан келтіреді. Иммунитетті төмендетеді, қаны азаяды, вирустық инфекциялардың асқынулары болуы мүмкін, тіпті бедеулікке де алып келетін жағдайлар кездеседі. Бізге кеңесуге келген әрбір әйелмен сұхбаттасып, сөйлесеміз. Егер бала көтеруге дайын емес болса, онда контрацепция әдісіне жүгінеміз. Контрацепцияның түрлі жолдары болады: таблеткалар, презерватив, жатыр ішілік спираль арқылы контрацепция жасауға болады. Спиральдің өзі кіші операция болып табылады. Егер осыған келіскен жағдайда, алдын ала тексеріс жүргіземіз. Барлығы дұрыс болып, еш кінәрат болмаса, аталған процедураны өткіземіз.


Полезная информация
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан http://mzsr.gov.kz
Управление здравоохранения Мангистауской области dsb.mangystau.gov.kz
Национальный научный кардиохирургический центр heartcenter.kz
Национальный медицинский холдинг nmh.kz
Национальный научный центр онкологии и трансплантологии nscot.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
ГКП на ПХВ Мангистауский областной онкологический диспансер http://onko.mangystau.kz
ГКП на ПХВ «Областная детская больница» http://detbol.mangystau.kz
Карта сайта
Ваш отзыв по сайту
   Ваш отзыв о сайте