Полиноз ауруы туралы
Ағаштардың бүр жарып, өсімдіктердің гүлдене бастаған тұсында көптеген адамда поллиноз ауруы басталады. Яғни, өсімдік пен шөп тозаңына, шаңға аллергия басталады. Әсіресе желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейген кезде, организмнің сезімталдығы байқалады. Ағаш тозаңына аллергиясы бар науқастарда қиылыспалы реакциялардың болмауы үшін қайың шырыны, алма, киви, қарақат, өрік, шабдалы, шие, грек жаңғағы, миндаль, сәбіз, картоп, қызанақ, қияр, тағам дәмдеуіштері бар азық-түлік түрлерін қолданбауға кеңес береміз.
Сонымен қатар спецификалық емнің тиімді тәсілі – аллергенді толығымен элиминациялау болып табылады. Яғни, қала сыртына, өсімдігі көп өсетін жерлерге шықпау, серуеннен кейін киімдерді ауыстыру, көшеде қара көзілдірік киіп жүру, сырттан кірген соң міндетті түрде душ қабылдау, ғимарат ауасын кондиционерлеу, аллергенді қасиеттері бар тамақтарды сұрыптау. Үйді жиірек ылғалдандырып тұру. Аллергияның қиындық туғызатын салдары – мұрынның бітелуі. Осы тұста мұрын тамшыларын асыра пайдаланып, оған тәуелді болып қалмау маңызды. Тәуілігіне 3-4 реттен артық пайдаланбаған жөн.
№2 ЖҚЕ
жалпы тәжірибелі дәрігері
Абдурахимова Л.Н.