Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ГКП на ПХВ «ЖГП №2» Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Жанаозенская городская поликлиника № 2»

Регистратура: 8 (72934) 71-5-76

Приемная руководителя: 8 (72934) 72-1-89

Call-центр: 8 (72934) 92-3-75

Приемный покой: 8 (72934) 92-9-12

Портал «Бюро госпитализации»: 8 (72934) 93-3-09


Салауатты өмірді ұстанайық!

05.02.2019

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Бір сәттік құлқынның қызығы үшін көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай» — деген жалған түсінік қалыптасқан.

Осыған орай, назарларыңызға көпшілік арасында тарап кеткен арақ туралы бірнеше жалған фактілерді ұсынамыз.

№1 аңыз. Арақ бойыңды жылытады.

Кең тараған аңыздардың бірі – ол арақтың табиғат қаталдығына байланысты Ресейде шығарылғандығы. Өйткені арақ аязды күні жылытады-мыс. Бірақ ол олай емес. Адам салқыннан жылы үйге кіріп келіп, бір рюмка арақ ішіп жіберсе, шынымен-ақ жылынады. Себебі, алкогольдің әсерінен жүрек жылдамырақ жұмыс жасай бастайды да, қосымша энергия пайда болады. Ал суықта арақты ішпеген абзал, өйткені ол ол өзінің «жылытатын» қасиетін жоғалтады. Тері капиллярлары ашылып, ағзадағы жылу сыртқа шығады. Сәйкесінше, дене тоңып, тіпті үсіп кетуі де мүмкін.

  №2 аңыз. Арақ микробтарды өлтіреді.

Ия, шынымен, арақ зиянды микробтарды өлтіреді және ағзаны зарарсыздандырады. Алайда ол адамның қалыпты өмір сүруі үшін қажетті пайдалы микробтарды да өлтіреді. Адам ағзасы белгілі бір анабиозға түседі де, аурулар мен инфекцияларға тұрақты болады. Бірақ бұл жақсы нәрсе емес, өйткені барлық процесстер де – жақсысы да, жаманы да баяулайды.

№3 аңыз. Арақ – тұмауға қарсы бірден-бір ем.

«Ауырсынып тұрсың ба? Түшкірдеің бе? Бір рюмканы бұрышпен қағып сал!» өміріңізде бір рет болса да осындай сөздерді естіген боларсыз. Осы әдіс басталып келе жатқан тұмауды әп-сәтте емдейді деген пікір кең тараған.

Шынына келгенде, инфекцияның алдын алуға спирттік ішімдіктің еш көмегі жоқ. Халық медицинасымен емделгіңіз келіп бара жатса, итмұрын, қарақат қайнатпаларын, шөп шайлар ішіңіз. Олар антиденелердің пайда болуына ықпал жасайды, ал алкоголь, керісінше, иммунитетті әлсіретіп, грипп вирустарын тез қабылдап алуға, әрі аурудың ауыр өтуіне ықпал етеді.

№4 аңыз. Арақ стрессті басады.

Неге екені белгісіз, стрессті алкогольмен қайтару керек деген пікір әбден қалыптасқан. Шындығына келгенде, арақ антидепрессант бола алатындығы екіталай. Ішкеннен кейін бәрін ұмытып, өзіңді бақытты сезінгендей болатын шығарсың, бірақ ол уақытша, және зардабы сол стресстің өзінен әлдеқайда ауыр. Стрессті басам деп, көңіл-көтерем деп «мәдениетті» ішіп жүріп адам өзінің қалай маскүнемдіктің құрбаны болып кеткендігін байқамай да қалуы мүмкін.

  Созылмалы шаршаңқылық пен стрессті басудың басқа да әдістері жетерлік. Жеміс-жидек пен көкөністі көбірек пайдаланыңыз, таза ауада көп серуендеңіз, спортпен шұғылданып, туған-туыс, дос-жаранмен уақыт өткізіңіз, көп күлімдеңіз – бұл сізге денсаулық пен көңіл-күй сыйлайды.




Полезная информация
Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан http://mzsr.gov.kz
Управление здравоохранения Мангистауской области dsb.mangystau.gov.kz
Национальный научный кардиохирургический центр heartcenter.kz
Национальный медицинский холдинг nmh.kz
Национальный научный центр онкологии и трансплантологии nscot.kz
Национальный центр нейрохирургии neuroclinic.kz
Национальный научный центр материнства и детства nrcmc.kz
Медицинский центр Управления делами Президента РК mcudprk.kz
Республиканский детский реабилитационный центр rdrc.kz
ГКП на ПХВ Мангистауский областной онкологический диспансер http://onko.mangystau.kz
ГКП на ПХВ «Областная детская больница» http://detbol.mangystau.kz
Карта сайта
Ваш отзыв по сайту
   Ваш отзыв о сайте