Асқазан жарасының пайда болуы
Асқазан және 12-бармақ ішекте жараның пайда болу ауруы, органдардың жалпы ауруы болып табылады. Бұл аурудың пайда болуына тамақ режимінің бұзылуы, ұзақ уақыт аш жүру себеп болады. Бұдан басқа темекі, арақты пайдалану себеп болады. Асқазан жарасы (язва желудка) ауруымен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдар көп ауырады. Аурудың негізгі белгілері – асқазанда ауырсынудың пайда болуы, құсу, кейде қан аралас құсу.
Асқынуы:
1.Асқазаннан қан кету.
2. Асқазанда пайда болған жараның тесіліп кетуі.
3. Обыр ауруына өтуі мүмкін.
4. Жара болған жерде тыртық пайда болады. Асқазан 12-бармақ ішекте, тамақ өтетін жер қысылып, пилероспазм болады. Науқас стационарда емделуі керек. Тамақ режимін сақтау керек, тұзы көп тағамдар, консервілер, тәтті тамақтар жеуге болмайды. Сүтті тағамдар, түрлі дәруменге бай тағамдар ішуі керек. Асқазан-ішектегі жара тесіліп кетсе, хирургиялық жолмен емделеді. Бұл ауруда тамақ режимі үлкен рөл атқарады. Дұрыс тамақтану аурудың алдын алуға көмектеседі.