ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРІП ЖАТЫР
Жаңаөзен халқы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шарапатын көруде. Қазір мұнайлы қала дәрігерлері көпбейінді ауруханада сақтандыру арқылы түрлі деңгейдегі оталарды жасауда. Осындай ота жасап, денсаулығын түзеген жандардың бірі - Теңге ауылының тұрғыны Жүзбай Күмісбаев. Ол елді мекен амбулаториясына қаралып, сондағы дәрігерлердің кеңесімен операция жасатып, бірнеше күн емін алған. Айтуынша, бұрын мұндай шаралар үшін облыс орталығына қатынайтын жаңаөзендіктер үшін бұл үлкен жетістік.