АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!
1-наурыз алғыс айту күні. Мерекеге орай, қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Гүлмира Алибекова:
"Бүгінгі 1-наурыз алғыс білдіру күніне орай, №2 Жаңаөзен қалалық емханасына үлкен алғысымды білдіремін. Олардың ішінде медбикеміз Чайканова Гулзияға, Сейдуллаева Жанельге және де учаскелік дәрігеріміз Мусатаева Гаухарға үлкен алғысымды білдіремін.
Менің балам жүрек ауруымен емханада есепте тұрады. Бізді әр 3ай сайын отаға дайындап, тексеріп, УЗИ-ге түсіртіп және барлық керекті дәрілерімізді әкеліп беріп, ауырған жағдайда үйімізге келіп қарайтындарыңызға үлкен рахмет! Сонымен қатар, осы мекеме басшыларына алғысым зор. Осындай ақ халатты абзал жандар көп болса екен деймін. Адал еңбек етіп, біздерге болсын деп жаны ашып жүретін ақ халатты абзал жандардың еңбектерін бағаласыңыздар екен деймін. Үлкен алғыс білдіремін сіздерге!" - деп емхана тіркелушісі ізгі тілегін жеткізді.