АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ
1-наурыз алғыс айту күні. Мерекеге орай, қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Зоя Исаева:
"Мен №2 қалалық емханада тіркеуде тұрамын, қаралып жүрмін. Ем-дом алып, операциямды жасатып, бүгін 3 айлық тексеруге келіп отырмын. Қазір жағдайым өте жақсы. Мені емдеп жатқан дәрігерім Луиза Насрединоваға, медбикелерім Зинаида, Тазагүл, Айданаға өте көп алғысымды айтамын. Алғысым шексіз! Осы өмірде жақсы болып жүргеніміздің бәрі осы ақ халатты абзал жандардың арқалары. Бұл кісілердің жақсы сөзінің өзі бізге ем. Күш қуат береді. Еңбектеріне жеміс берсін. Жақсы еңбектерімен алғыстарға бөленіп жүре берсін!" - деп ақ тілегін жеткізді.