Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
«№2 ЖҚЕ» ШЖҚ МКК «№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тіркеу бөлімі: 8 (72934) 71-5-76 

Басшының қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 72-1-89 

Call-орталық: 8 (72934) 92-3-75 

Қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 92-9-12

«Госпитализация бюросы» порталы: 8 (72934) 93-3-09


Вирустық гепатиттер

25.07.2019

Вирустық гепатиттер - кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір-бірінен айырмашылығы бар, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі - бірінші кезекте адамның бауырын зақымдайды және оны қабындырады.

Сондықтан әр түрлі гепатиттер көбінесе  «сары ауру»  (аурулардың көбіне ортақ кең тараған белгісі) деп аталады. Гепатит, яғни бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының, қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.

Вирустық гепатиттер бір бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады, алайда олардың кейбір белгілері бір-біріне ұқсас.

Вирустық гепатиттің классификациясын оның көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады:

этиологиясы бойынша гепатит А, B, C, E, Д, G болып бөлінеді;

аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы;

гепатиттің аурулығына байланысты ауыр, орташа аурулықтағы және жеңіл түрі болады;

зақымданудың орнығуы бойынша гепатиттер ошақты, мезенхималдық паренхиматоздық гепатит болып бөлінеді.    Вирустық гепатиттердің әр түріне толығырақ тоқталайық.

А гепатиті

А гепатиті, немесе Боткин ауруы  - ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі. Аурудың жасырын кезеңі (жұқтырғаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады.

Ауру әдетте жоғары дене қызуынан басталады және кейбір белгілерімен тұмауға ұқсайды. 2-4күн өткеннен кейін науқастың зәрі қоңырланып, сыраның немесе қою шәйдің түріндей болады, ал үлкен дәреті ағарады. Содан кейін сарғаю пайда болады, оның пайда болуымен аурудың жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы бір аптадан 1,5-2айға дейін, ал аурудан кейін қалыпқа келу уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

А гепатитінің диагнозы аурудың белгілері, науқастан мәліметтер жинау («гепатит А»-мен ауырған адамдармен қатынасы болғандығы) және басқа да анықтаулар арқылы қойылады.

Вирустық гепатиттердің ішінде «А гепатиті» жайлы болып саналады, аурудың салдары ауыр болмайды, көбінесе ауру өздігінен емдеусіз-ақ аяқталады. Қажет болса А гепатитінің емі ауруханада ойдағыдай жүргізіледі. «А» гепатитімен» ауырған кезде төсек тартып жату ұсынылады, арнаулы ем және гепатопротекторлар - бауырды қорғайтын дәрілер тағайындалады.

 «А» гепатитінің өзіндік таралу жолдары - тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас және вирустармен залалданған тамақ пен суды қолдану арқылы таралады. Сонымен бірге кір қол арқылы берілетіндіктен, А гипатитімен көбінесе балалар ауырады. А гепатитінің алдын алудағы негізгі шара гигиеналық ережені сақтау. Сонымен қатар, балаларға вакцинация жасау ұсынылған.

«В» гепатиті

«В гепатиті немесе қан  арқылы берілетін гепатит өте қауіпті ауру, бауырды қатты залалдауымен сиппатталады. «В» гепатиті қан, жыныстық қатынас арқылы және ауру анадан іштегі балаға жұғады. Әдеттегі жағдайда «В» гепатиті «Боткин ауруы» сияқты дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен, буындардың ауруынан, жүректің айнуы және құсудан басталады. Мынадай белгілердің болуы мүмкін: зәр түсінің қоңыраулануы және үлкен дәреттің ағаруы. Денеге бөртпе шығуы мүмкін, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды.Емдеу кезінде иммундық препараттар, гормондар, гепатопротекторлар (бауырды қорғайтын дәрі дәрмектер), антибиотиктер қолданылады. «В» гепатитінің алдын алу үшін нәрестелерге бірге толғанша вакцинация жасату керек.

«С» гепатиті

Вирустық гепатиттің  ең ауыр түрі – «С» гепатиті немесе қан құйылғаннан болған гепатит. Бұл гепатит қан арқылы, қан құю кезінде немесе зарарсызданбаған шприцтерден жұғатындықтан осылай аталды. Қазіргі уақытта бүкіл донорлық қан С гепатитінің вирусына тексеріледі. Жыныс жолы арқылы және ауру анадан іштегі балаға С гепатиті вирусының берілуі өте сирек.

С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен  70-80%-ында аурудың созылмалы түрі дамиды. Оның ең үлкен қауіпі цирроздың пайда болуында және қатерлі ісікке әкеліп соқтыру мүмкіндігінде. Бұл аурудың қауіптілігі, қазіргі кезде сау адамды С гепатитін жұқтырудан қорғай алатын нәтижелі вакцинаның жоқтығында.

«D» гепатиті

«D» гепатиті немесе дельта-гепатит, вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы – вирустың адам ағзасында жеке өніп өсе алмайтындығы.

Ол үшін «көмекші вирус» «В» гепатитінің вирусы керек. Сондықтан дельта гепатит дербес ауру деп есептелмейді. Ол  «В» гепатитінің барысын асқындыратын серіктес ауру. Бұл екі вирус ауру адамның ағзасында қатар өмір сүрсе, аурудың ауру түрі пайда болады, оны дәрігерлер супер жұқпа деп атайды. Бұл аурудың барысы «В» гепатитінің барысына ұқсайды, бірақ аурудың асқынуы жиі кездеседі және аса ауыр болады.

«Е» гепатиті

Ол өзінің белгілерімен «А» гепатитіне ұқсайды.

Бірақ, вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы – «Е» гепатитінің ауру түрінде, бауырмен қоса бүйрек те зақымданады. «Е» гепатиті «А» гепатиті сияқты, нәжіс ауыз жолы арқылы жұғады, ауа райы ыстық және салқын сумен нашар қамтамасыз етілген елдерде таралған, және бұл аурудан сауығу көбінесе сәтті аяқталады.

«Е» гепатитін жұқтыру, аурулардың жалғыз ғана тобына босанар алдындағы әйелдер  үшін өте қауіпті. Бұл аурумен ауырған әйелдердің өлім жетімі 9-40 % - ға дейін болады, ал ішіндегі баласы өлі туады.

«G» гепатиті

«G» гепатиті  вирустық гепатиттердің тобындағы соңғы өкіл, өзінің белгілерімен «С» гепатитіне ұқсайды. Ол қауіпті емес, «С» гепатитіне тән жұқпалы процестің өршуінен болатын циррозбен қатерлі ісік «G» гепатитінде пайда болмайды. Егер екеуі  үйлессе ғана, циррозға әкелуі мүмкін.

Вирустық гепатиттердің  барлық түрі қазіргі кезде ойдағыдай анықталады және емді ертерек қолданса көпшілігі жазылып кетеді.

Жантілеуова Анар,

№2 ЖҚЕ қызметкері

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте