Жарақат алу кезінде қалай сақтану керек?
Жылдың қай мезгілінде болсын жарақат алудан сақтану керек, өзімізді және балаларды жарақат алудан қорғау, сақтау керек. Кез келген адам жүріп келе жатқанда немесе баспалдақтан сүрініп құлағанда, жол транспорты салдарынан жарақат алғанда өз бетінше емделмей, «жедел жәрдемге» хабарлауы керек. Қажет жағдайда 102-ге хабарлау керек. Жарақат өртке байланысты болса тез арада 101-ге хабарлау керек. Немесе құтқару қызметіне 051(1051)-ге хабарласа да болады.
Егер зардап шегушінің қозғалуға шамасы келсе, оны жақын жердегі жарақаттану пунктіне жеткізу керек. Ол адамның тіркелуі болу, болмауына қарамастан тұрған жерінен тәуелсіз медициналық жәрдем көрсетілуі тиіс. Медицина қызметін көрсетуден бас тарту заңсыз болып табылады. Әрбір Қазақстан азаматы өрт алып жатқан жағдайды көргенде, болмаса, жол колік апаты сияқты тағы басқа да жарақат алу жағдайларын көргенде тез арада аталған орындарға хабарлап, ол адамның дер кезінде көмек көрсетілуіне көмектесуі керек. Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан заңына сәйкес, көре тұра, біле тұра көмек көрсетпеу заң жүзінде жауапқа тартылады. Біздің елімізде осындай қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында көптеген шаралар өткізіліп жатыр.
Халыққа түсіндірме жұмыстары жыл сайын өткізіліп жатыр. Әр жерде колледжде студенттерге, емханада, ауруханада, адамдар көп шоғырланған жерлерде «Бөкен базарында» Радио хабарлама арқылы ақпараттар тарқатылды. Қауіпсіз өмір дегеніміз не? Бұл өрттен, судан, жол апатынан, тоқтан, құлап жарақат алудың алдын алу болып табылады. Қауіпсіз өмір жасау өз қолымызда, ол үшін үйімізде, жумыста, кез келген жерде қауіпсіздік шараларын сақтау, әрбір нәрсеге муқият қарау болып табылады. Үйде, жұмыс орындарында жұмыс уақыты біткенде тоқтарды дер кезінде сөндіру, ұқыпты қараумен бірге тәртіпке бағыну әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Өрт шығудың алдын алу мақсатында, электрикті шақырып тоқтарды тексертіп, өрт қауіпсіздік орындарынан мамандар шақырып қадағалау жұмыстарын жасап тұру керек.
№2 ЖҚЕ Денсаулық мектебінің қызметкері, Жантілеуова Анар