Семинар өтті
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ маймыл шешегі ауруының әлем бойынша өрбіп жатқандығына байланысты семинар өтті. Осы мақсатта Жаңаөзен қалалық №2 емханаға Алматы қаласынан білікті маман келді. Шара барысында «Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» өндірісті дамыту басқармасының бастығы Тимур Аязбаев медицина қызметкерлеріне этиология, эпидемология, клиника және маймыл шешегі кезіндегі алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды түсіндірді. Семинарға емхана ұжымымен қатар облыстық денсаулық сақтау ұйымының мамандары да қатысты.