Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
«№2 ЖҚЕ» ШЖҚ МКК «№ 2 Жаңаөзен қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тіркеу бөлімі: 8 (72934) 71-5-76 

Басшының қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 72-1-89 

Call-орталық: 8 (72934) 92-3-75 

Қабылдау бөлмесі: 8 (72934) 92-9-12

«Госпитализация бюросы» порталы: 8 (72934) 93-3-09


10.12.2024
21
15:27
№2 қалалық емхананың фтизиопедиатр дәрігері Ғалия Рысқалиқызы туберкулез жөнінде мәліметпен бөлісті
ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ
№2 қалалық емхананың фтизиопедиатр дәрігері Ғалия Рысқалиқызы туберкулез жөнінде мәліметпен бөлісті.

Туберкулез (ТБ) — ауа арқылы жұғатын, негізінен өкпені зақымдайтын инфекциялық ауру. Оны Mycobacterium tuberculosis бактериясы туындатады. Туберкулез көбінесе өкпеде дамып, бірақ басқа органдарға да таралуы мүмкін.
Туберкулездің белгілері:
Ұзақ уақыт бойы жөтелу (2 аптадан көп);
Қақырықта қан болуы;
Түнде терлеу, әсіресе түнде терлеу;
Дене қызуының көтерілуі;
Әлсіздік, шаршау;
Салмақ жоғалту және аппетит жоғалту.

Туберкулездің екі түрі бар:
1. Белсенді туберкулез — бактериялар ағзада көбейіп, аурудың барлық белгілерін көрсетеді. Бұл кезеңде ауру адамнан басқа адамдарға жұғуы мүмкін.
2. Жасырын (латентті) туберкулез — бактериялар ағзада бар, бірақ аурудың белгілері жоқ. Бұл жағдайда адам басқаларға ауруды жұқтырмайды, бірақ туберкулездің белсенді түріне айналуы мүмкін.

Туберкулез қалай жұғады?
Туберкулез әдетте ауа арқылы, яғни жұқтырылған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде ауаға таралатын микробтар арқылы жұғады. Бұл микробтар тыныс жолдарына түскенде ауру адамға жұғуы мүмкін.
Туберкулездің алдын алу:
1. Вакцинация: БЦЖ 
2. Яғни екпе аурушаңды азайтып, өлім-жетімді болдырмайды. Вакцинаны өмір келген сәтінен  0-4 күн ішінде салады.
2. Қорғаныс шаралары: Туберкулезбен ауыратын адамды тексеріп, емдеу.
3. Жеке гигиенаны сақтау: Қолды жиі жуу, қоғамдық орындарда адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу.
4. Жақын байланыстарды тексеру: Туберкулезбен ауыратын адамдардың жақындарын тексеру және қажет болған жағдайда алдын алу шараларын қабылдау.
Туберкулезді емдеу:
Туберкулездің емдеу әдісі — антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдау. Антибиотиктерді дұрыс қолдану маңызды, өйткені емдеуді толық аяқтамау бактериялардың дәріге қарсы тұруына алып келуі мүмкін. Сондықтан туберкулезбен ауыратын адам толық емдеу курсын өтуі қажет.
Туберкулезді ерте анықтау және уақытында емдеу өте маңызды, себебі ол жазылуға болатын ауру, бірақ егер емделмесе, өлімге әкелуі мүмкін.

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте