№2 Жаңаөзен қалалық емханасының психологы қаламызға уақытша қоныс аударған құлсарылықтармен тілдесіп, психологиялық көмек көрсетті. Балалармен сөйлесіп, сергіту ойындарын ойнады. Құлсары тұрғындары ақхалаттыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Айтуларынша, медицина қызметкерлері күнделікті хабар алып, денсаулықтарын бақылап отыр.