№2 қалалық емхана тіркелушісі Жұмагүл Мейірованың пікірі
"Арай 1 шағын ауданының тұрғынымын. Аты жөнім - Мейірова Жұмагүл. 1961 жылы туылғанмын. 2020 жылдан бастап елімізге жаман індет келіп жатырғой, сол індеттің кесірінен көптеген адамдарымыздан айырылып қалдық. Жан-жақ, ағайын-туыс бауырлар барлығы да өмірден өтіп кетті. Дер кезінде оның емін таба алмай, таба алмағандықтан осындай жағдайға душар болдық.
Артынан Құдай жеткізіп, оның емі келді. Емі - екпе. Бұл ауруды жеңе бастадық.Короновирустың емі табылғаннан кейін екпе келіп бастағаннан кейін, сол екпемізді алдым. Біріншісін алдым, одан кейін екіншісін де алып осы емі қонып, Құдайға шүкір ондай қатты әсер берген жоқ.Мен енді осы ағайындарыма, жан-жағыма айтарым негізгі жақсы көңілмен қабылдасаңыз,жақсы өтеді екен.Барлығымыз да осы ауруды жеңу үшін, осы екпені алғанымыз дұрыс деп есептеймін.Себебі жан жағымыз аман болсын, өзіміз аман болайық"- деп жүрекжарды лебізін білдірді.